Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.

Өтініштермен жұмыс істеу

7888
 
Құрметті клиенттер!
«Bank RBK» АҚ Сізге сенім білдіргеніңіз үшін және біздің Банкпен серіктестік үшін алғыс айтады!
Ең жоғары сапада қызмет көрсету біздің басым тапсырмаларымыздың бірі болып табылады. Сіздің Банкке бағыттаған әр хабарламаңыз Банк қызметкерлерімен қабылданады және қарастырылады. Біз өз клиенттеріміз үшін барлық Банк бөлімшелерінде және филиалдарында барынша жайлы жағдай жасауға тырысамыз.
Егер Банкте қызмет етілу кезінде сұрақтар немесе мәселелер туындаса немесе Сізде қызмет сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар мен тілектеріңіз болса, Сіз өз өтінішіңізді келесі кері байланыс құралдары арқылы қалдыра аласыз:
Қазақстан бойынша тегін желі: 8 800 080 18 88
Ұялы телефондар үшін тегін желі: 7888
Электронды байланыс поштасы: info@bankrbk.kz, contactcentre@bankrbk.kz
Қағаз тасымалдаушыларда рәсімделген өтініштерді пошта байланысымен немесе Банк бөлімшесіне қолма қол жеткізу.
 
Банк бөлімшелерінің және банкоматтарының орналасқан орындары, банктік өнімдер және қызметтер бойынша кеңес алу үшін және Сізді қызықтыратын өзге ақпараттар алу үшін, Сіз кез келген уақытта жоғарыда көрсетілген, тегін желі телефондары бойынша банктің Байланыс орталығына хабарлассаңыз болады.
Жазбаша өтініште:
- өтініш беруші - жеке тұлға үшін: тегі, аты, әкесінің аты (қалауы бойынша), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), пошталық мекен-жайы;
- өтініш беруші - заңды тұлға үшін: атауы, пошталық мекен-жайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
- өтінішке өтініш беруші немесе үшінші тұлға (тиісті сенімхат болса уәкілетті тұлға) қол қоюы тиіс немесе оның электронды қолтаңбасымен (бар болса) куәландарылуы қажет.
 
Жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейтін немесе мәселенің мәні мазмұндалмаған жазбаша өтініштер қарастырылмайды.


 
Жазбаша өтініштерге жауаптар ҚР 12.01.2007 ж. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес ұсынылады.
 
 
Біз Сіздің сеніміңізді бағалаймыз.
Алдағы табысты серіктестік тілегімен,
Сіздің «Bank RBK» АҚ