Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.
  • x

    Золотая корона

    7888
     
    Шот ашпай «Золотая Корона»жүйесі арқылы ақша аудару 
     
    40 мың қызмет орнын қамтитын «Золотая Корона» жүйесі Банк клиенттеріне жақын және алыс шет елдерде банктік шот ашпай ақша аударуға мүмкіндік береді.
    «Золота Корона» жүйесі арқылы рәсімделген барлық аударымдар шынайы уақыт режимінде жүргізіледі. Ақша жіберілгеннен кейін 1 секундтан кейін-ақ аударым төленеді.
     
    Артықшылықтары:
    • төмен тарифтер;
    • ақша санаулы минуттарда аударылады;
    • ақшаның жіберілгендігі және жеткізілгендігі туралы жіберушіге және алушыға тегін SMS-хабарлама жіберіледі;
    • «Золотая Корона» жүйесінің сайтында online режимде аудару мәртебесін дербес бақылау мүмкіндігінің болуы;
    • алушы үшін шығындардың болмауы;
    • ақша АҚШ долларында, еурода, тенгеде,  Ресей рублінде аударылады.
    Золотая Корона жүйесі арқылы аударымдарды жіберу айырбастаумен* (яғни ақшаны жіберу - бір валютада, ал ақшаны алу-басқа валютада) тегін жүзеге асырылады.
    *- Золотая корона жүйесіндегі бекітілген курс бойынша

    Золотая корона

    Золотая корона

  • x

    Western Union

    7888
    Шот ашпай Western Union жүйесі арқылы ақша аудару
     
    Western Union – дүние жүзінде танымал шұғыл ақша аудару жүйесі. «Western Union» компаниясының негізі 150 жыл бұрын қаланған, әлемнің 200-ден астам елі мен аумағында 300 мыңнан астам пункті бар.
     
    Артықшылықтары:
    •  дүние жүзі бойынша кең желісі;
    •   ақша санаулы минуттарда аударылады; 
    •   шот ашудың немесе несие карточкасына ие болудың қажеті жоқ; 
    •   ақша АҚШ долларында, Қазақстан теңгесінде аударылады.
     
     

    Western Union

    Western Union

  • x

    SWIFT

    7888
    SWIFT жүйесі арқылы шетел валютасында ақша аудару
     
    SWIFT жүйесінің негізі 1973 жылы қаланды. Оны құруға 15 елден 239 банк қатысты. Сол кезден бері жүйеге қосылған банктердің саны артуда. Дамуының 30 жылдан астам уақыты ішінде қаржы телекоммуникациялар саласында көшбасшыға айналды.

    Артықшылықтары:
    • ақша шетел валютасында (АҚШ доллары/еуро/фунт стерлинг/швейцария франкі/ресей рублі/қытай юані) аударылады;
    • ақша аударымы 2-3 жұмыс күні ішінде жеткізіледі;
    • ақша клиенттің банктік шотынан аударылады;
    • SWIFT жүйесін пайдаланып, ақшаны корреспонденттік шоттар арқылы аударуға болады, бұл оның жылдам әрі қауіпсіз аударылуын қамтамасыз етеді;
    • аудару сомасы бойынша шектеулер жоқ.
     
    https://www.bankrbk.kz/kaz/private/tariffs/ сілтемесі арқылы ақша аудару қызметтері үшін Банк тарифтерімен танысуға болады.
     

    SWIFT

    SWIFT