Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.
  • x

    Card to Card онлайн-аударымдары

    7888
     «Bank RBK» АҚ Қазақстанның кез келген банкінің картасымен Visa және MasterCard төлем жүйелері ішінде және әр түрлі банктердің Visa және MasterCard төлем жүйелері арасында Р2Р карталық аударымдары қызметін пайдалануды ұсынады.  Аударуды жүзеге асыру үшін жіберуші картасы интернет транзакциялары үшін ашылуы қажет.
    Аударым аяқталған соң 3 минут ішінде ақша Visa және MasterCard карталарында қол жетімді болады. Кейде қабылдаушы картасында ақшаның қолжетімділік мерзімі артуы мүмкін, себебі ол картаны айналымға шығарған банктің ережелерімен анықталады.
    Аударымдар Қазақстан Республикасының кез келген банктері айналымға шығарған карталарымен ғана жүзеге асырылады.
    Қазақстан Республикасының банктері айналымға шығарған карталарына аударымдар тек теңгеде қолжетімді.

    Тарифтер.
    Аударым сомасының 0,9%-ы, min 250 KZT - «Bank RBK» АҚ/ҚР өзге банктері айналымға шығарған Visa және MasterCard төлем карталары бойынша аударым үшін комиссия.


     
    Аударым жүргізу 
     

    Card to Card онлайн-аударымдары

    Card to Card онлайн-аударымдары

  • Пайдалы ақпарат

    Пайдалы ақпарат

  • x

    Visa Instant

    7888
    Visa Instant – бұл клиентің банкке жүгінген кезінде тікелей берілетін  «Bank RBK»  Акционерлік қоғамының  халықаралық атаусыз төлем картасы.
    Бұл төлем картаның бірегей ерекшелігі – рәсімделудің жылдамдығы мен ыңғайлығының үйлесімділігі және төлем картасы иесіне ұсынылатын банк қызметтерінің кең ауқымдылығы.
    Егер Сіз іссапарға немесе шетелге демалысқа аттанарда,  шығарылуы бірнеше күнге созылатын  дәстүрлі пластикті төлем картасын рәсімдеуге уақыт болмаған жағдайда, Visa Electron карталарын қабылдайтын әлемдегі барлық сауда-сервистік орталықтарында қабылданатын Bank RBK-ның VISA Instant «мезеттік» төлем картасысіз үшін таптырмас амал болып табылады.
    Мезеттік карталармен қонақ үй немесе автокөлік броньдауға болмайтындығын, сонымен қатар Интернетте есеп айырысу және телефон бойынша сатып алу төлемдерін жүргізу мүмкін еместігін есте сақтаған жөн.


    Visa Instant

    Visa Instant

  • x

    Visa Classic

    7888
    Visa Classic карточкалары бойынша банкоматтарда қолма-қол ақшаны алуға және бүкіл әлем бойынша Visa/Visa Electron логотипі бар жерлерде тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуге мүмкіндік бар. Бұларға электронды, сондай-ақ механикалық құрылғыларда қызмет көрсетіледі. Бұл топтағы карточкалардың көмегімен қонақ үйде нөмірді, авиабилетті броньдауға және автомобильді жалдауға болады.

    Visa Classiс картасын ашыңыз және POS-терминалдарда және Интернет желісінде қолма қолсыз операциялар үшін Сash-Back алыңыз. Ұсынылатын өнімдер:
    • Visa Classic Cash-Back өнімі – Visa Classic картасы бойынша ҚР аумағындағы POS-терминалдарда қолма қолсыз операциялар бойынша 0,5% мөлшерінде cash-back қолданылады
    • Visa Classic Cash-Back + Visa Virtuon Cash-Back пакеттік өніміVisa Classic картасы бойынша ҚР аумағындағы POS-терминалдарда қолма қолсыз операциялар бойынша 0,5% мөлшерінде cash-back, ал Visa Virtuon картасы бойынша Интернет желісінде барлық қолма қолсыз операциялар бойынша 0,5% cash-back қолданылады  
     

    Visa Classic

    Visa Classic

  • x

    Visa Gold

    7888

    Бұл төлем карточкалары клиенттің ауқаттылығының және сыйлы екендігін көрсетіп тұрады. Бұлар ұстаушыларына бүкіл әлемде қызмет көрсетудің жоғары сапасына, сондай-ақ шетелде тауарлар мен қызметтерге ақы төлеген кезде елеулі жеңілдіктер алу, қонақүйлердің және автомобильдерді жалға беретін компаниялардың және т.б. тиімді ұсыныстары секілді бірқатар қосымша қызметтер мен мүмкіндіктерге кепілдік береді. Gold карточкалары Банк қарызының берілуін көздейді.

    VISA төлем жүйесінен акция


    Visa Gold

    Visa Gold

  • x

    Visa Virtuon

    7888
    Өзін көрсетуді талап етпейтін интернет желісіндегі төлемдерді жүргізуге арналған карточка. Виртуалды карточка жай дүкендерде төлем жасау үшін, банкоматтардан қолма-қол ақшаны алу үшін, сондай-ақ карточканың өзін кейіннен нақты көрсетуді талап ететін Интернеттегі сатып алулар (билеттерді, қонақүйлерді броньдау, автомобильдерді жалдау және т.б.) үшін пайдаланыла алмайды.
    Сіз әралуан сатып алуларды үйден шықпай-ақ жасай аласыз! Виртуалды карточканың басты артықшылығы қауіпсіздік болып табылады. Сіз карточкаға «виртуалды» сатып алуларды жасау үшін өзіңізге қажет соманы ғана есептей аласыз, сөйтіп, өзіңіздің қалған қаражаттарыңызды қауіпсіздендіресіз. Бұған қоса, мұндай шара өз шығыстарыңызды жақсы бақылауға мүмкіндік береді.
     


    Visa Virtuon

    Visa Virtuon

  • x

    Visa Platinum

    7888
    Visa Platinum – Bank RBK уақыт пен жайлылықты бағалайтын ең талғампаз клиенттеріне арналған беделді төлем карточкалары. Visa Platinum – ұстаушының жеке қаржы жағдайының куәлігі, беделі мен жетістігінің символы.
    Visa Platinum карточкасы жекелей, сондай-ақ тегін негізде қосымша Visa Gold карточкасын шығаруды көздейтін Platinum пакеті аясында шығарылады. Одан өзге, Visa Platinum картасының иелері сыйлыққа әлем бойынша әуежайлардың күту VIP-залдарына қатынауын ұсынатын Priority Pass карточкасын алады. Visa Platinum карточкасы сервистің айрықша деңгейімен, алуан түрлі қосымша қызметтермен қамтамасыз етеді.
    Сіздің Visa Platinum карточкаңыз ғажайып артықшылықтар мен мүмкіндіктер әлеміне есік ашады.
    Жеңілдіктер мен артықшылықтар

    «Visa артықшылықтар әлемі» бағдарламасы Visa Platinum карточкасының ұстаушыларына бүкіл дүние жүзі бойынша дүкендерде, мейрамханаларда, қонақ үйлерде жеңілдіктер алуға, шетелде білікті медициналық және заңгерлік көмекті пайдалануға, карточка жоғалып қалғанда немесе сатып алу кезінде шұғыл қолдау алуға мүмкіндік береді. Барлық артықшылықтардың толық спектрі: http://www.visa.com.ru/wv/platinum/privileges.jsp
     

    VISA төлем жүйесінен акция
     
     


    Visa Platinum

    Visa Platinum

  • x

    Visa Infinite

    7888
    Visa Infinite төлем карточкасы Visa төлем жүйесі карталарының иерархиялық құрылымында ең жоғарғы орын алады. Бүкіл дүниежүзі бойынша қымбат қонақ үйлердегі арнайы бағдарламалар, автомобильдерді жалға алуға болатын жетекші кеңселердегі айрықша қызмет, әлемнің ең қымбат та беделді бутиктері мен қонақ үйлеріндегі жеңілдіктер – осының барлығы Visa Infinite карточкасының ұстаушылары үшін. Visa Infinite карточкасы жекелей, сондай-ақ тегін негізде қосымша Visa Gold карточкасын шығаруды көздейтін Infinite пакеті аясында шығарылады. Одан өзге, Visa Infinite картасының иелері сыйлыққа әлем бойынша әуежайлардың күту VIP-залдарына қатынауын ұсынатын Priority Pass карточкасын алады.
    Клиенттерге – Visa Infinite карталарының ұстаушыларына жасалған барлық арнайы ұсыныстар туралы мұнда толық ақпарат алуға болады.
     

    Visa Infinite

    Visa Infinite

  • x

    Priority Pass

    7888
    Priority Pass – әлемдегі әуежайлардың VIP – залдарына қатынаудың ең ірі бағдарламасы.

    Priority Pass картасымен Сіздің қандай да болмасын әуекомпаниясының клубына қатыстығыңызға немесе әуебилет классына қарамастан, Сіз әлем бойынша бағдарламаға қатысатын VIP-залдардың барлық артықшылықтарын пайдалана аласыз:
     
    • Іс-сапар барысында немесе демалысқа ұшу кезінде әуежайдағы әбігерліктен сақтайтын тамаша орын. Демалыс залдарында әрдайым тыныш, ұшуға дейін күш жинауға мүмкіндік беретін тегін тіскебасар және сусындар ұсынылатын демалыс немесе жұмыс орындарымен қамтылған;
    • Бағдарламаға әлемнің 500-ден аса қаласында орналасқан әуежайлардағы 1200-ден астам VIP-залдар қатысады, оған қоса ай сайын жаңа залдар қосылуда;
    • Демалыс залдарының көбісінде ұсынылатын тегін Wi-Fi арқылы сапар кезінде әрдайым байланыста болыңыз, сіз кез келген уақытта отбасыңызбен, достарыңызбен және әріптестеріңізбен байланыса аласыз. Сондай-ақ сіз ұшар алдында зал ішінде өз құрылғыларыңыздың қуатын толықтыра аласыз.

    Сыйлықақы сервис және жылына 365 күн, аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы көрсетілетін ең үздік қызмет. Клиенттерге қолдау көрсету қызметінде Priority Pass туралы барлығын білетін, әртүрлі тілде сөйлейтін мамандар қызмет етеді. 
     
     
     

    Priority Pass

    Priority Pass

  • x

    Несие картасы

    7888

    ҚАЖЕТТІ НЕСИЕ ЛИМИТІ (жаңартпалы несие карточкасы)


    Валюта: KZT
    Кредиттік лимиттің максималды сомасы:  5 000 000 теңгеге дейін
    Мерзімі: мерзімді автоматты түрде ұзартумен  36 ай
     
    Bank RBKкредиттік карточкасының артықшылығы:
    Сыйақыны төлеу бойынша жеңілдік кезең  - 50 күнтізбелік күндерге дейін;
    дүниежүзі бойынша және Интернетжелісінде жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялардың сомасынан cashback-  1%;
    Visa Gold-тан   Visa Infinite–ке  дейінгі типті кредиттік карта;
     Visa Gold  карточкасына қызмет етудің бірінші жылы - 0 тенге;
    sms-ақпараттау- 0 тенге;
    коммуналдық төлемдерді, мобильді байланыстарды , Қазахтелекомқызметтерін   мобильді қосымшалар мен  Интернет-банкингарқылы төлеу- 0 теңге.

    Несие картасы

    Несие картасы

  • x

    3D Secure

    7888

    "Bank RBK" АҚ шығарған барлық төлем карталары 3D Secure функциясына ие.
     
    3D Secure –несиелік және дебеттік карталар үшін қосымша қауіпсіздік деңгейі ретінде қолданылатын, пайдаланушыны екіфакторлы сәйкестендіру хаттамасы. Интернет-төлемдердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында оны VISA халықаралық төлем жүйесі жасап шығарған. 3D Secure онлайн-төлемдер үшін сәйкестендірудің тағы бір қадамын қосады. Бұл дегеніміз Интернет желісінде төлем жүргізу кезінде сізге сәйкестендірудің қосымша құпия сөзін енгізу қажет болады. Құпия сөз SMS-хабарламамен жіберілетін динамикалық (бір реттік) және иесінің өзі ойлап табатын статикалық (тұрақты) болуы мүмкін.
     
    Тұрақты түрде "Bank RBK" АҚ  барлық төлем карталары үшін динамикалық құпия сөз қолданылады.
     
    3D Secure үшін статикалық (тұрақты) құпия сөз құру үшін келесі телефондар бойынша Байланыс-орталығына хабарласуыңыз қажет:
    • +7 (727) 330-90-30
    •  7 888 (тегін),
       
    одан кейін 3ds.bankrbk.kz:8443/way4acs/enroll сілтемесіне өтуіңіз керек.
     
    Сондай-ақ 3D Secure қолдану арқылы төлем жүргізу үшін нұсқаулықпен танысуыңызды сұраймыз.
     

    3D Secure

    3D Secure