Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.
Депозит деген не?

Депозит – банктік салым (немесебанктік депозит) – сактау және пайыздар түрінде табыстар алу мақсатында банкке заңды/жеке  тұлға салған ақша сомасы.

Төлем карточкасы не үшін қолданылады?

Төлем карточкасы – бұл құрал, ақшаға қол жеткізу амалы. Төлем карточкасының көмегімен сауда нүктелерінде тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлем жүргізуге, қолма-қол ақша алуға, банкоматтар /POS-терминалдар арқылы төлемдерді жүзеге ас...

Қандай жылжымайтын мүлікті сатып алуға несие беріледі?

Несиелер жылжымайтын мүліктің келесі түрлерін сатып алуға беріледі: көп пәтерлі үйдегі жеке пәтер; жер телімі бар жеке үй немесе бірнеше жанұяға арналған коттедждегі пәтер.

Автонесие бойынша алынған ақшаға қандай автомобиль алуға болады?

Сіз шетелдік және отандық өндірістің жаңа немесе ұсталған автомобилін сатып ала аласыз.

Револьверлік несие карточкасы дегеніміз не?

Бұл автоматты жаңартылатын несие ұсынылатын несие карточкасы. Несиелік лимиттің қол жетімді сомасы өтелген негізгі қарыз сомасына автоматты жаңартылып отырады.

Жеке тұлға қандай шот түрлерін аша алады?

Жеке тұлға негізгі үш шот түрін аша алады:
Ағымдағы шот – ақша қаражатын сақтау үшін және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес қаржылай есеп айырысу үшін;
Депозиттік шот – салымдар бойынша есептелген пайыздарды есепке ...

Депозит дегеніміз не?

Банктік депозит (немесе банктік салым) – заңды тұлғаның сақтау және табыс алу мақсатында Банкке орналастыратын ақша сомасы.

Шетел валютасын сатып алу кезінде сома бойынша шектеулер бар ма?

Шетел валютасын сатып алу кезінде шектеулер жоқ.

Заңды тұлғалар (соның ішінде жеке кәсіпкерлер/фермерлік қожа шаруашылықтары) Банкте қандай банктік шот түрлерін аша алады?

Банк клиенттері банктік шоттың екі түрін ашуға құқылы: ағымдағы және жинақтық.
Жинақ шоттар бос ақша қаражатын орналастыру үшін арналған. Банк салым валютасына, сомасына, сақталу мерзіміне қарай депозиттер бойынша пайыздық сыйақы мөлшерлем...

Қазір «Bank  RBK» Акционерлік қоғамында жеке тұлғалардың депозиттері бойынша қандай шарттар қолданылады?

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша қолданыстағы шарттармен сіз осы жерден  таныса аласыз.

Төлем карточкасын қалай рәсімдеуге болады?

Төлем карточкасын алу үшін Банктің кез келген кеңсесіне барып, Банк қызметкері ұсынған өтініш бланкісін толтырып, ЖСН көрсетілген жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Несиеге сатып алынатын жылжымайтын мүлікке қандай талаптар қойылады?

Несиеге сатып алынатын жылжымайтын мүлікке келесі талаптар қойылады: жылжымайтын мүлік ауыртпашылықтан босатылған, азаматтық айналымнан алынбаған, кепілде, дауда немесе арестте болмауы тиіс; жылжымайтын мүлік тұрғындардың денсаулығын...

Өз туысқаны үшін автонесие алуға болады ма?

Жоқ, тек Қарыз алушы жеке өзі несие шартына қол қойып, несиені ала алады.

Револьверлік несиесі бар карточка әдеттегі несиелік лимиті бар дебеттік карточкадан немесе тұтыну несиесінен несімен жақсы?

Екі аталған өнімдермен салыстырған кезде артықшылықтары көп: Револьверлік несиесі бар карточканы қолданған кезде несие алу үшін әрбір кезде Банкке бару және құжаттарды жинаудың қажет емес – бұл карточканы ашқан кезде бір рет жасалады...

Жеке тұлға қандай валютада шот аша алады?

Ұлттық валютада және шетел валютасында.

Bank RBK қандай банктік депозит түрлерін ашады?

Талап етілгенге дейінгі депозиттер– клиенттің бірінші талабы бойынша толығымен немесе бір бөлігі қайтарылуы тиіс.
Мерзімді депозиттер– белгілі бір мерзімге енгізіледі.
Шартты депозиттер:
Шетелдік жұмысшы күшін т...

Шетел валютасын сатып алу/сату кезінде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету қажет пе?

Айырбастау операциясын жүргізу кезінде соманың мөлшеріне қарамастан,  электрондық тізілімдер журналын клиенттің аты-жөні мен жеке басын куәландыратын құжат деректері тіркеледі.
Айырбастау операциясын 7 000 000 (жеті миллион)...

Заңды тұлға қандай валютада банктік шот ашуға құқылы?

Банктік шот ұлттық валютада және шетел валютасында ашылады.

Депозитті қай жерде ашуға болады?

Салым бойынша барлық операциялар, соның ішінде салымды ашу/жабуды Банктің кез келген кеңсесінде жүргізуге болады.

Дебет карточкасын қай жастан бастап ашуға болады?

Дебет карточкасы 18 жастан бастап рәсімдеуге болады.

Өтінімді қарау қанша уақытты алады?

Өтінімді қарау 5 (бес) жұмыс күнге дейінгі уақытты алады.

Егер қарыз алушының жасы 68 жастан асса, несие алуға болады ма?

Жоқ, несиені толық өтеу сәтінде Қарыз алушының жасы зейнеткерлікке шығу жасынан аспауы тиіс: әйелдер үшін – 58 жасқа дейін, ерлер үшін – 63 жасқа дейін.

«Жеңілдікті кезең» дегеніміз не және ол қанша уақытқа созылады?

Жеңілдікті кезең – бұл қарызды қолдану күнінен бастап қарызды қолдану айынан кейін болатын айдың 20-шы күніне дейінгі кезең (1 күннен бастап 50 күнге дейін). Жеңілдікті кезең ішінде қарыз бойынша барлық берешекті толық өтеген жағдайда Қарыз ...

Жеке тұлға қай жерде шот аша алады?

Bank RBK кез келген кеңсесінде (резидент жеке тұлғалар да, ҚР резиденті емес жеке тұлғалар да).

Депозитті қай жерде ашуға болады?

Bank RBK кез келген кеңсесінде салымдар бойынша барлық операцияларды жүргізуге, соның ішінде салым ашуға/жабуға болады.

Банкноталардағы қандай зақымдаулар айналысқа жарамды болып танылады?
 

Келесідей бүлінулері бар банкноталар айналысқа жарамды заңды төлем құралдары болып танылады:  қырылған және ласталған;   желімделген жыртық бұрыштары немесе кесегі бар (аумағы 1-2 шаршы сантиметрден аспайтын) егер жырт...

Заңды тұлғаның ағымдағы шоты қанша уақыт аралығында ашылады?

Клиентке ағымда шот ашу туралы Банк шешім қабылдайтын шекті мерзім – клиенттен ағымдағы шот ашуға жазбаша өтініш қабылданған күннен бастап көп дегенде 5 (бес) жұмыс күні.

Депозитті ашу үшін қандай құжаттар қажет?

Депозитті ашу үшін сізде жеке басты куәландыратын құжат (ҚР азаматының төлқұжаты; жеке куәлік; ҚР шетелдік азаматтың мекендеу қағазы; азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; босқын куәлігі), ЖСН міндетті түрде болуы тиіс.

Бір шотқа басқа адамға қосымша карточканы рәсімдеуге бола ма?

Иә, басқа адамға қосымша карточка Банк тарифіне сәйкес төлеммен рәсімделуі мүмкін.

Бастапқы жарнаның мөлшері қандай?

Табыстарды толық растаған кезде – сатып алынатын жылжымайтын мүліктің 30% бастап. Табыстарды ішінара растаған кезде – сатып алынатын жылжымайтын мүліктің 50% бастап.
Бастапқы жарна болмаған жағдайда 0,5 өтімділік коэффициентін ...

Мен револьверлік несиесі бар карточканы қандай валютада шығара аламын? Мен оны мультивалюталы түрде жасауды сұрай аламын ба?

Карта тек теңге, АҚШ доллары және еуро үш валютаның бірімен ғана шығарылады.

Резидент жеке тұлға шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?

ЖСН көрсетілген, жеке басын куәландыратын құжат.

Банк салымшыдан басқа тұлғаларға салымның болуы, оның жайы туралы ақпарат бере ала ма?

Банктік құпия депозиторларының, клиенттерінің, банк корреспонденттерінің банктік шоттарының болуы, иегерлері, нөмірлері туралы, осы шоттардағы, банктің шоттарындағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы, банк операциялары туралы (жалпы банктік операци...

Айырбастау пунктінде шетел валютасында және ұлттық валютада қолма-қол ақша болғанда айырбастау операциясын жүргізгенде айналымдағы ақша белгілерін қабылдауда айырбастау пунктіне шектеу қоюға жол беріле ме?

Айналымдағы ақша белгілерін номинал және шығарылған жылы бойынша қабылдағанда айырбастау пунктінің шектеу қоюына, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада шетел валютасында және ұлттық валютада қолма-қол ақ...

Салымшы басқа тұлғаға салым бойынша сенімхатты рәсімдей ала ма және бұл үшін не қажет?

Иә,  салым бойынша сенімхат нотариусте рәсімделеді, осыдан кейін салымшы және сенім жүктелген адам Банкке сенімхаттың түпнұсқасын және сенім жүктелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынады. Бұдан кейін салым бойынша операциялар...

Картаның карт-шотын жүргізу валютасын өзгертуге бола ма?

Жоқ, картаның карт-шотын жүргізу валютасын өзгертуге болмайды.

Bank RBK қандай төлем жүйелерімен бірге қызмет етеді?

Банк Visa Inc төлем жүйесінің қатысушысы болып табылады.

Қарыз алушының табысы қандай  болуы тиіс?

Қарыз алушының ең төменгі қажетті табысы несие бойынша айтылған сома, мерзім және сыйақы мөлшерлемесі ескеріле отырып, есептеледі. Егер Қарыз алушының табыстарды қарызды өтеу үшін жеткіліксіз болса, ортақ қарызгерді немесе кепілгерді тарту (клиент...

Төлем қабілеттігін есептеуде заңды жұбайы/жарының табыстары ескеріле ме?

Иә, Банк төлем қабілеттігін есептеуде заңды жұбайы/жарының табыстары ескереді. Басқа туысқандарының (балалар, ата-ана және т .б.) табысы ескерілмейді.

Автонесие бойынша қамтамасыз ету ретінде Банк нені талап етеді?

Несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде Банк кепілге сатып алынатын автомобильді қабылдайды.

Резидент емес жеке тұлға ағымдағы шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?

жеке басын куәландыратын құжат; шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының құжаттары болмаған жағдайда тіркеу куәлігі; ҚР ратификациялаған халықаралық шарттармен басқаша...

Депозит қандай валютада қабылданады?

Депозит валютасы салым түріне байланысты KZT, USD, RUB  қабылданады.
Депозиттер бойынша толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз.

Төлемдік емес және жарамсыз банкноталарды кімдер сатып алып, кімдер ауыстырады?
 

Төлемдік емес, сондай-ақ айналысқа жарамсыз банкноталардыбанктер мен Ұлттық пошта операторы ғана сатып алып, ауыстырады.

Заңды тұлға ағымдағы шот ашу үшін Банкке қандай құжаттар тапсыруы қажет?

Қажетті құжаттардың толық тізімімен осы жерде таныса аласыз.

Банк салымшыдан өзге тұлғаларға салымның болуы және оның күйі туралы ақпаратты бере ала ма?

Салымның болуы және оның күйі туралы ақпаратты Банк тек салым иесіне, салым иесінің Банкке өзі келу сәтінде  берілген  жазбаша өтініші негізінде кез келген үшінші тұлғаларға, сонымен қатар қолданыстағы заңнамада қарастырылған тәртіпте жә...

Банктің несие комитеті мақұлдаған жағдайда ипотекалық несиені беру тәртібі қандай?

жылжымайтын мүлікті сатушыға осы хат-хабарландыруда келтірілген шарттарда сатып алушыға қарыз беруді мақұлдау туралы хат-хабарландыру беріледі; қарыз алушы және сатушы нотариусте тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жасайды, оның негізінде ...

Бөлшектеп несие  алуға құжаттарды өткізуге болады ма?

Иә, болады, бірақ сіздің өтініміңізді қарауды Банк тек сіз барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін ғана бастайды.

Резидент емес жеке тұлға жинақ шот ашу үшін қандай құжаттар қажет?

жеке басын куәландыратын құжат; ҚР ратификациялаған халықаралық шарттармен басқаша қарастырылмаса, резидент емес жеке тұлғаның ҚР аумағына кіру, шығу, келу құқығының Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарда тіркелуін растайтын құжа...

Депозитті қандай мөлшерлеме бойынша ұзартуға болады?

Шарт ұзартылған күні осы салым түрі үшін Банкте қолданылатын мөлшерлеме бойынша салым ұзартылады (егер шартпен қарастырылған болса). Шартқа Қосымша келісім жасаған жағдайда салым ұзартылады (шартпен қарастырылған болса).

Ертеректе шығарылған эмиссиядағы кейін шығарылған эмиссиядағы шетел валютасының айырбасталуы үшін комиссиялық сыйақы алынады ма?

Ұлттық Банк айырбастаудың ерекше тәртібін белгілейтін жағдайларды санамағанда, алдыңғы жылдардағы эмиссиядағы кейінгі жылдардағы эмиссиядағы шетел валютасының айырбасталуы үшін комиссиялық сыйақы алынбайды.

Заңды тұлға сенімхат арқылы банктік шот аша ала ма?

Иә. Бұл үшін сенімхатта сенімді тұлға банктерде сеніп тапсырушының шоттарын ашуға, шот ашу үшін тиісті құжаттарға қол қоюға құқылы деп көрсетілуі керек.
 

Салымды салымшыдан басқа тұлғалар толтыра ала ма?

Салымшының шотына кез келген үшінші тұлға осы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қосымша жарналарды салуға құқығы бар.

Қосымша карточканы шығаруға бола ма?

Иә, сіз қосымша карточканы туысқаныңызға немесе сенім жүктелген адамға рәсімдей аласыз. Бұл үшін тиісті өтінішті толтырып, қосымша карточка ұстаушысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қосу қажет. Өтініште негізгі карточка ұстаушысыны...

Қандай сақтандыру компанияларында сақтандыруды рәсімдеуге болады?

Сақтандыруды кез келген сақтандыру компанияларында рәсімдеуге болады.

Сатып алынатын автомобильге қойылатын талаптар бар ма?

Иә, кепілге рулі сол жағында орналасқан автомобильдер алынады. Сонымен қатар шыққан жылы және өндіруші-елі бойынша шектеулер бар.

Банк клиентке оның шот ашқандығын растайтын қандай құжаттар беруі керек?

Банк шоттың ашылу растамасы ретінде клиентке Банктік шот шартын береді.

Депозит бойынша пайыздар ай сайын төлене ме әлде депозит мерзімінің соңында ма?

Депозит бойынша пайыздар банктік салым шартының талаптарына сәйкес салымшының ағымдағы шотына ай сайын төленеді.

Қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжатты қара сиялы қаламмен толтыруға бола ма?

Қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжат жазу немесе электронды-есептеу машинасы қолданылып, қара түсті шрифтпен немесе қара, көк немесе күлгін сиялы қаламмен (сиямен) толтырылады.

Жеке тұлғаға қандай валютада шот ашуға болады?

Салым валютасы салым түріне байланысты. Банк жеке тұлғаларға депозит ашатын валюталар: KZT, USD, EUR, RUR.
 

Револьверлік несиесі бар карточка бойынша сауда нүктелерінде қызмет көрсету үшін комиссия мөлшерлері  қандай?

Тегін.

Төлем карточкасын дайындау мерзімі қанша?

Банк регламенті бойынша төлем карточкасын дайындау уақыты - өтініш берген күннен бастап 5 жұмыс күні. Банк қызметкерлері сіз карточканы мүмкіндігінше тезірек алу үшін барлығын жасайды. Қажет болған жағдайда төлем карточкасын 8 жұмыс сағаты ішінде ...

Ипотекалық несиені мерзімінен бұрын өтеуге бола ма? Нешінші айдан бастап?

Иә, ипотеканы бірінші айдан бастап мерзімінен бұрын өтеуге болады. Мерзімінен бұрын өтеу үшін айыппұл салынбайды

Клиент автомобильді сақтандыруды өзі рәсімдей алады ма?

Иә, бұл кезде сақтандыру Банк белгілеген сақтандыру жағдайлары тізімінен болуы тиіс. Сақтандыру жағдайы орын  алған кезде пайда алушылар Банкке келулері тиіс.

Шоттарды кім және қалайша басқара алады?
 

Клиент өзі және ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделген сенімхаттың негізінде сенімді тұлғасы арқылы шоттарды басқара алады.
Банк клиенттің өкімі бойынша оның ағымдағы шоты арқылы қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшалай емес операциялар жүргізе...

Заңды тұлға бір банкте бірнеше ағымдағы шот аша ала ма?

Иә, аша алады.

Банктің депозитор - жеке тұлғаларының құқықтары мен міндеттері банкте орналастырылған  депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесімен қорғалған ба?

Иә, депозитор - жеке тұлғалардың мүдделері Қазақстан Республикасының депозиттерді міндетті кепілдендіру Заңнамасымен қорғалған, кепілдендірілген өтемақы төлеуді «Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры» АҚ қамтамасыз етеді.
...

Карточканың қолданылу мерзімі қандай?

Қайта шығару мүмкіндігімен 3 жыл.

Төлем карточкасы қандай мерзімге шығарылады?

Төлем карточкалары 2 жыл мерзімге, VisaInstant және VisaVirtuon карточкалары 1 жылға, револьверлік төлем карточкалары 3 жыл мерзімге шығарылады.

Несиеге сатып алынатын жылжымайтын мүлікті үшінші тұлғаға  рәсімдеу мүмкін бе?

Несиеге сатып алынған жылжымайтын мүлікке меншік құқықтары тек Қарыз алушыға ғана рәсімделеді. Несиелендірудің басқа шарттарын сұраған жағдайда Банктің уәкілетті органының шешімі талап етіледі.

Несиені өтегенге дейін автомобильдің меншік иесі болып табылады – банк немесе қарыз алушы?

Қарыз алушы автомобильдің меншік иесі болып табылады, бірақ бұл кезде көлік құралының өзі Банкта кепілде болады.

Жеке тұлға сенімхат арқылы шот аша ала ма?

Клиенттің – басқа жеке тұлғаның атына өкілі – жеке тұлға ағымда шот ашқанда қосымша келесі құжаттар ұсынылады: заңнамаға сәйкес клиенттің өкілінен сенімхат беру талап етілмейтін (ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер үшін) жағд...

Банктің операциялық күнінің ұзақтығы қандай? Операция жасау регламенті? Осы күні орындалу үшін Банкке төлем тапсырмасын қай уақытқа дейін тапсыру керек?
 

Банктің жұмыс уақытының ұзақтығы Банк кеңселерінің ақпараттық қабырғасындағы тиісті хабарландыруларда көрсетілген. Банктің операциялық күні Банк клиенттің есеп құжаттарын ағымдағы күні орындауға қабылдайтын уақыт кезеңі ретінде анықталады.

Маған қандай да бір қамтамасыз етуді немесе кепілді ұсыну қажет пе?

Несие сізге скоринг – сіздің төлем қабілеттігіңізді бағалау негізінде беріледі. Егер сізге Банк мақұлдағаннан жоғары несиелік лимит сомасы қажет болса, онда несиелік лимит сомасын арттыру үшін кепілзатты ұсыну қажет.

Дебет карточкасына несиелік лимитті рәсімдеуге бола ма?

Иә, несиелік лимитті рәсімдеу үшін құжаттар пакетін жинап, Банк кеңсесіне хабарласу қажет.

Басқа банктердегі несиелерді өтеу үшін пәтерді кепілге қойып, несие алуға болады ма?
 

Иә, Банктің «Ең қажет несие» (қайта қаржыландыру)» бағдарламасын қолдануға болады. бұл кезде Қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалау стандартты, яғни Қарыз алушының несиелерді өтеу үшін қажет табысы болуы тиіс.

Телефон арқылы заңды тұлғаның шотындағы қалдықтар туралы ақпарат алуға бола ма?

Иә, болады. Банк қызметкеріне клиент шотының нөмірі, клиенттің атауы, клиенттің БСН, ағымдағы банктік шот шартында клиент көрсеткен код сөз хабарланған жағдайда телефон арқылы ақпарат беріледі.

Менің ұлым 16 жаста. Мен оған карточканы аша аламын ба?

Өкінішке орай, жоқ. Револьверлік несиесі бар карточканы беруге жастық шектеулер бар – 25 жастан бастап. Несиені өтеу сәтінде Қарыз алушының жасы зейнеткерлікке шығу жасынан аспауы тиіс: әйелдер – 58 жасқа дейін, еркектер – 63 жас...

Егер кепілге басқа тұрғын үй рәсімделетін болса, тұрғын үйді сатып алу-сату шартының көшірмесін ұсыну қажет пе?

Қамтамасыз етуге басқа (сатып алынбаған) тұрғын үйді ұсынған кезде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін Қарыз алушы Банкке тұрғын үйді сатып алу-сату шартының көшірмесін ұсынуға міндетті.
 

Егер қарыз алушы несиеге сатып алынған автомобильде жол апатына түссе не болады?

Бұл жағдайда Банк сізге ешқандай айыппұл санкцияларын қолданбайды. Сақтандыру өтемін алу үшін сізге жол апаты дерегі туралы Банкке және сақтандыру компаниясына хабарлау қажет. Келтірілген шығын үшін ақша Банкке беріледі және осы сомаға қарыз мерзі...

Интернет арқылы шотты басқаруға бола ма?

Иә, болады. Bank RBK «Интернет-Клиент» қашықтықтан банктік қызмет жүйесінің көмегімен шот басқаруды ұсынады.

Бірінші қол қоюға құқылы бас директор немесе екінші қол қоюға құқылы бас бухгалтер демалыста болғанда қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжатты ауыстыру қажет пе?

Қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжатты ауыстыру қажет емес. Шотқа өкімдік етуге уәкілетті лауазымды тұлға болмаған кезеңде Банкке: қол қою үлгілері мен мөр таңба бар уақытша құжатты, қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжат күшін...

Карточкаға өтінімді қай жерде және қалай бере аламын?

Банк бөлімшесінде.

Қандай карточкалармен интернет-дүкендерден сатып алынған заттар үшін төлеуге болады?

Интернет-дүкендерден сатып алынған заттар үшін төлемді Интернетке қатынауды алдын ала ашып, «BankRBK» АҚ шығарылған кез келген төлем  карточкаларымен жүргізуге болады. Интернетке қатынауды ашу үшін Банктің кез келген кеңсесінде өт...

Несиені қандай тәртіпте өтеу қажет?  

Негізгі қарыз және несие бойынша пайыздар ай сайын өтеледі.

Шот бойынша операцияларды Bank RBK кез келген кеңсесінде жүргізуге бола ма әлде шот ашылған кеңседе ғана ма?

Банктің кез келген кеңсесінде кассалық қызмет бойынша қызметтерді толық пайдалануыңызға болады.

Мөр ескірген жағдайда қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжатты ауыстыру талап етіле ме?

Иә. Мөр болмағанда (жаңа мөр әзірленіп жатқанда) клиент жаңа құжаттың ұсынылу себебі, қол қою үлгілері мен мөр таңба бар жаңа құжат тапсырылады деп Банк белгілеген мерзім көрсетілген хатпен қоса нотариаттық куәландырылған 2 (екі) данада мөрсіз қол...

Несиелік карточканы ашқан кезде мен қандай құжаттарды ұсынуға тиіспін?

Өтінімді берген кезде сіздің жеке басыңызды куәландыратын құжатты (ЖСН міндетті түрде болуы тиіс) және соңғы 6 (алты) ай үшін еңбекақыны және/немесе өзге кірістерді растайтын құжатты ұсыну қажет.

Басқа адамның атына шығарылған төлем карточкасын қолдануға бола ма?

Жоқ, бұл төлем карточкасынан айыруға негіз болып табылады. бірнеше адамдардың бір карточкалық шотқа қатынауы үшін қосымша карточкаларды рәсімдеуге кеңес береміз.

Егер несие бойынша төлем кешіктірілген болса, не болады?

Ай сайынғы төлемді кешіктірген жағдайда Қарыз алушы төлемді кешіктіру үшін банктік қарыз шартында көрсетілген мөлшерде айыппұлды төлеуге міндетті.

Еуро мен АҚШ долларынан басқа шетел валютасында ақша аударуға бола ма?

«Bank RBK» АҚ жалпы операция жүргізу шарттары туралы ережелердің 6-қосымшасына сәйкес: фунт стерлингте; швейцария франкінде; Ресей рублінде; Қытай юанінде ақша аударуға болады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліксіз/анықтамасыз заңды тұлғаның ағымдағы шотын ашуға бола ма?

Жоқ. Бұл ағымдағы шот ашу үшін міндетті құжат болып табылады.

Депозиттің мерзімін ұзарту қандай мөлшерлеме бойынша жүргізіледі?

Салымның мерзімін  ұзарту (егер ол шартта қарастырылған болса) шарттың мерзімін ұзарту күніне салымның осы түрі үшін Банкте қолданылатын мөлшерлеме бойынша жүргізіледі.

Банкоматта қолма-қол ақша алу үшін комиссия қанша?

«Bank RBK» АҚ банкоматтарында револьверлік төлем карточкасына белгіленген несиелік қаражаттардан басқа меншікті және несиелік қаражатты алу үшін комиссия ұсталмайды. Басқа банктердің банкоматтарында және бөлімшелерінде қолма-қол ақшаны...

Несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкін бе?

Иә, мерзімінен бұрын өтеу мүмкін, бұл кезде мерзімінен бұрын өтеу үшін қосымша ақы алынбайды.

Комиссиялар қай уақытта есептен шығарылады?

Комиссиялық сыйақы қызмет көрсетілу фактісі бойынша есептен шығарылады (әдетте, келесі жұмыс күнінен кешіктірілмейді). Тарифтерімен ай сайын есептен шығару қарастырылған бірқатар комиссиялар ай сайын есептен шығарылады.

Шетел валютасында банктік шот ашу үшін қол қою үлгілері мен мөр таңба бар жеке құжат рәсімдеу қажет пе?

Жоқ. Клиент қол қою үлгілері мен мөр таңба бар бір құжаттың негізінде бір уақытта кез келген валютадағы банктік шоттардың кез келген санын ашуға құқылы.
Клиент бірінші банктік шот ашқаннан кейін кешірек шетел валютасында банктік шот ашуды ...

Қолма-қол ақшалай валюта айырбастау операцияларын жүргізгенде жеңілдікті бағам белгілене ме?

Банктің қалауымен белгіленуі мүмкін (мысалы, ірі сомаларды сатып алғанда/сатқанда, т.б.) Толық ақпарат алу үшін Банкке хабарласуыңызға болады.

Ұйым штатында бас бухгалтер болмаса, қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжатқа қандай ақпарат енгізілуі керек?

«Бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған жағдайларда (штатта бас бухгалтер немесе бухгалтерлік есеп жүргізу үшін жауапты басқа тұлға болмағанда) ұйым басшысы бухгалтерлік есепті ж...

Мен банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұза аламын ба?

Иә. Банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзу Банктік салым шартымен қарастырылған. 

Валюталық карточкаға соманы теңгемен салуға бола ма?

Иә. Ақша сомасы Банк бағамы бойынша автоматты түрде айырбасталады.

Банк ұсталған автомобильдерге автонесие береді ме және егер берсе, онда қандай шарттармен?

Иә, Банк ұсталған автомобильдерге несие береді. Несиелендірудің толық шарттарын мына жерден білуге болады.

Шот ашпай шетел валютасында ақша жіберуге бола ма?

Ақша аударымы кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынған қызметпен байланысты болмаса, шот ашпай шетел валютасында ақша жіберуге  болады.

Жеке кәсіпкер Банкке жеке басын куәландыратын жаңа құжатты (паспорт/жеке куәлік) алуы туралы хабарлауға тиіс пе?

Иә. Мұндай жағдайда қол қою үлгілері және мөр таңба бар жаңа құжат рәсімделіп, жеке басын куәландыратын жаңа құжаттың түпнұсқасы мен жаңа құжаттардың берілу себептері көрсетілген хат тапсырылуы керек.

Банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде салымды алу туралы банкке ескерту қажет пе?

Банктік салым шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде Банкке салымды алу туралы ақшаны алу күнінен 5 (бес) күн бұрын хабарлау қажет.

Қосымша карточканы кәмелеттік жасқа толмаған балаға рәсімдеуге бола ма?

Иә, қосымша карточканы кәмелеттік жасқа толмаған балаға жеке басты куәландыратын құжат (төлқұжат) және Банкте немесе нотариалдық рәсімделген заңды өкілдерінің бірінің жазбаша рұқсаты  болған кезде рәсімдеуге болады.

Жеке тұлғадан ұсталған автомобильді сатып алған кезде сатып алынатын автомобиль бойынша қандай құжаттарды ұсыну қажет?

Сатып алынатын автомобиль бойынша техпаспорттың көшірмесін және автомобиль сатушысының жеке тұлғасын куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Басқа адамның валюталық шотына ақша енгізуге бола ма?

Болады. Үшінші тұлға шетел валютасында ашылған жеке тұлғаның шотына ақша қаражатын енгізе алады, бірақ Банкте немесе нотариаттық түрде рәсімделген сенімхаты болуы керек.

Бірінші және екінші қол қою құқығы кімге берілуі мүмкін?

Заңды тұлғалар, филиалдары немесе өкілдіктері Банкке тапсыратын қол үлгілері мен мөр таңба бар құжаттарда басшы және/немесе басқа ол өкілеттік берген тұлғалар бірінші қол қою құқығына ие.
Екінші қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе б...

Егер салым бойынша есептелген сыйақы алынбаса,  онымен салымның негізгі сомасы толтырылса, яғни сыйақы капиталдандырса, Депозиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры салым бойынша сыйақы сомасына кепілдік  береді ме?

Иә, банктік салым шарты бойынша салымшы ол бойынша есептелген сыйақыны (пайыздарды) алмай, онымен салымның негізгі сомасын толтырып отырса, яғни сыйақы капиталдандырылса, онда ол да кепілдік берілген өтем сомасын тиісті төлеуді есептеуге кіргізіле...

Карт-шот бойынша үзінді көшірмені қалай алуға болады?

Карт-шот бойынша үзінді көшірмені: Банк кеңсесіне барып, карт-шот бойынша ай сайынғы үзінді көшірмені электронды мекенжайға жіберуге өтініш жасуға болады; Банк банкоматтары арқылы (қысқа үзінді көшірме); Интернет-банкинг арқылы...

Қолданыстағы автонесие кезінде несиені қолма-қол ақшамен алуға бола ма?

Иә, егер табыстар рұқсат етсе.

Клиенттің – жеке тұлғаның шотындағы ақша қаражатын кім басқара алады?

Клиент өзі және нотариаттық куәландырылған сенімхаттың негізінде сенімді тұлғасы арқылы шоттарды басқаруға құқылы.

Кәмелеттік жасқа толмаған  тұлғаға салымды ашуға бола ма?

Иә, ондай салым бар – бұл «Dream» депозиті. Салымды салушы 16 жасқа толмаған салымшы атына ашады. 16 жасқа толмаған салымшы атына салушы салған салымды салымшының заңды өкілдері (ҚР заңнамасына сәйкес ата-анасы, асырап алушылар, ...

Егер карт-шот бойынша үзінді көшірмеде сіз жүргізбеген операциялар болса немесе сіз жүргізбеген операция туралы хабарлама алсаңыз, не істеу қажет?

Бұл жағдайда шұғыл түрде келесі әрекеттердің бірін орындап, сіздің карточкаңыздың әрекетін тоқтату қажет:
карточканы оқшаулау өтінішімен бұл туралы телефон арқылы +7/727/ 330 77 77 немесе ұялы телефоннан 7888 нөміріне (қоңырау шалу те...

Қандай сақтандыру компаниясында автомобильді сақтандыруға болады?

КАСКО сақтандыру полисін кез келген сақтандыру компаниясында рәсімдеуге болады.

Ақша аудару сомасына бір күнде/бір айға қойылған шектеулер бар ма?

Ақша аудару бойынша шектеулер жоқ.

Сенімді тұлға банктік шотты басқарғанда Банкке қандай құжаттар тапсыру талап етіледі?

1)   заңды тұлғалар (заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері) үшін: заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы қойылған және заңды тұлғаның мөр таңбасымен куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы; сенімді тұлғаның жеке басын ...

Карточканы қайта шығару нені білдіреді?

Карточканы қайта шығару клиент бастамасы бойынша нөмірді өзгертпей, төлем карточкасын ауыстыруды білдіреді, яғни ПИН-кодты ауыстыру, пластиктің зақымдануы, қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін қайта шығару. Жаңа нөмірмен төлем карточкасын шығарған...

Сақтандыру компаниясын несиенің екінші және келесі жылдарында ауыстыруға болады ма?

Иә, бұл туралы алдын ала Банкке хабарлау қажет.

Bank RBK жеке тұлғаларға тағы да қандай қызметтер ұсынады?

депозиттер қабылдау кассалық операциялар айырбастау операциялары несие беру ұлттық және шетел валютасындағы ақша аударымдары төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету «Интернет-банкинг» жүйе...

Халықаралық аударымды Алушы қанша уақытта алады?

Ақша аударымы 3 (үш) банк күні ішінде түседі.

Карт-шотты қалай толтыруға болады?

Банк кеңселерінде қолма-қол ақшамен. Сіздің «Bank RBK» АҚ ашылған карт-шотыңызды толтыру үшін сізге карточкалық базада 20 таңбалы ағымдағы шотты ашу туралы хабарламада көрсетілген өз карт-шотыңыздың нөмірін білу керек және өз...

КАСКО полисін рәсімдеу автонесиені алу үшін міндетті шарт болып табылады ма?

Иә, автомобильді сақтандыру – бұл міндетті шарт.

Банк қызметкері төлем тапсырмасын әзірлеу қызметтерін ұсына ма?

Иә, Банк қызметкерлері клиенттің сұрауымен төлем тапсырмасын әзірлей алады. Төлем жүргізу үшін төлем тапсырмасында қол қою үлгілері мен мөр таңба бар құжатта көрсетілген тұлғалардың қолдары болуы керек. Банк қызметтер көрсеткені үшін комиссиялық с...

Егер карточка жоғалып қалса, не істеу қажет?

Төлем карточкасын жоғалтып немесе ұрлатып алған кезде тез арада  карточканы оқшаулау талабымен  телефон арқылы +7/727/ 330 77 77 немесе ұялы телефоннан 7888 нөміріне (қоңырау шалу тегін) тәуліктік Contact-Centre қызметіне хабарлау қ...

Автонесиені беру тәртібі қандай?

банктің уәкілетті органынан оң шешімді алғаннан кейін сатушыға осы хат-хабарландыруда келтірілген шарттарда сатып алушыға қарыз беруді мақұлдау туралы хат-хабарландыру беріледі; автомобильді Қарыз алушыға рәсімдеу, кепіл шартын дайындау ...

Еуро мен АҚШ долларынан басқа шетел валютасында ақша аударуға бола ма?

Ақша жіберу мүмкіндігі туралы нақты валюта түріне қарай жеке анықтау керек. Банктен толық ақпарат ала аласыз.

Комиссиялар қашан есептен шығарылады?

Комиссиялық сыйақы қызмет көрсетілу фактісі бойынша есептен шығарылады. Тарифтермен ай сайын есептеу (шот жүргізу, Интернет-клиент жүйесі бойынша қызмет көрсету, т.б. үшін) қарастырылған бірқатар комиссиялар ай сайын есептен шығарылады.

Карт-шот бойынша ақпаратты қалай нақтылауға болады?

Кез келген уақытта сіз тегін тәуліктік Contact-Centre клиенттік қолдау қызметіне қоңырау шала аласыз және Банк мамандары сіздің сауалдарыңызға жауап береді.

Интернет арқылы қашықтықтан банктік шотты басқаруға бола ма?

Иә, болады. «Bank RBK» АҚ клиенттеріне «Интернет-Клиент» қашықтықтан банктік қызмет жүйесінің көмегімен шот басқаруды ұсынады.

Банк клиенттің карт-шотын карточканы жоғалту туралы өтініш бергеннен кейін қаражатты есептен шығарудан қорғай ала ма?

Төлем карточкасын оқшаулағаннан кейін жүргізілген операцияларды Банк қабылдамайды.

«Интернет-Клиент» қашықтықтан банктік қызмет жүйесі арқылы төлемдермен жұмыс істеу қаншалықты қауіпсіз?

«Интернет-Клиент» жүйесі ақпаратты криптоқорғау құралдарын пайдаланып, Банкпен жасалатын құжат айналымының қауіпсіздігі мен құпиялығын қамтамасыз етеді.
«Интернет-Клиент» жүйесімен жұмыс істегенде бүкіл трафик байла...

Банк заңды тұлғаның банктік шотын ашу, жүргізу, жабу қызметтерінен басқа заңдытұлғаларға тағы да қандай қызметтер ұсынады?  

депозиттер қабылдау; шағын және орта бизнес субъектілеріне кредит беру; корпоративтік клиенттерге кредит беру; айырбастау операциялары; «Интернет-банкинг» қашықтықтан банктік қызмет жүйесі арқылы банктік шот...

Төлем карточкаларын қолданған кездегі қауіпсіздік.

Қауіпсіздік мақсатында төлем карточкаларымен операцияларды жүргізген кезде қауіпсіздіктің белгілі бір ережелерін ұстаныңыз:
өз төлем карточкаңызды «SMS-ақпараттандыру» қызметіне қосыңыз;
карточканы қолданған кезде карто...

CVV2-код дегеніміз не?

CVV2-код – карточка ұстаушысына берілетін және Интернет желісінде тауарлар және көрсетілетін қызметтер төлемін жүргізген кезде карточка ұстаушысын сәйкестендіру үшін арналған үш таңбалы сәйкестендіру коды. CVV2-код карточка бетіне жазылады. ...

Егер төлем карточкасын банкомат алып алса, не істеу қажет?

Төлем карточкасын банкомат алып қойған жағдайда бұл туралы телефон арқылы +7/727/ 330 77 77 немесе ұялы телефоннан 7888 нөміріне (қоңырау шалу тегін) тәуліктік Contact-Centre қызметіне хабарлау қажет немесе  «BankRBK» АҚ кез ...

Егер төлем карточкасын басқа банктің банкоматы алып алса, не істеу қажет?

Төлем карточкасын басқа банктің банкоматы алып қойған жағдайда бұл туралы телефон арқылы +7/727/ 330 77 77 немесе ұялы телефоннан 7888 нөміріне (қоңырау шалу тегін) «Bank RBK» Акционерлік қоғамының тәуліктік Contact-Centre қызметі...

Төлем карточкасымен  тауарлар/көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқан кезде комиссия алына ма?

Сауда кәсіпорындарында және сервистерде төлем карточкасымен  тауарлар/көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысқан кезде комиссия алынбайды. Бұл кезде төлем карточкасын ұстаушысы үшін операция жүргізілетін  POS-терминал қай банкке тиесілі е...

«Bank RBK» АҚ төлем карточкаларын шетелде қолдануға бола ма?

Иә. «Bank RBK» АҚ төлем карточкалары халықаралық болып табылады және бүкіл әлем бойынша Visa логотибі көрсетілген орындарда төлемге қабылданады.

POS-терминал дегеніміз не?

POS-терминал(ағылшын тілінен PointOfSale –сату нүктесі) – карточкалық операциялар бойынша авторландыру процедураларын автоматтандыру және төлем құжаттарын рәсімдеу үшін қолданылатын электронды құрылғы.

Егер карточка теңгемен шығарылса, ал клиент тауар үшін еурода есептессе, карточкалық шоттан қандай валютада алынады?

Төлем жүйесі еуродан АҚШ долларына төлем жүйесі  белгілеген бағам бойынша айырбасталады. Карт-шоттан  шегеру Банк бағамы бойынша АҚШ долларынан айырбастағаннан кейін теңгемен (немесе сіздің карточкалық шотыңыз ашылған валютада) жүргізіле...

Еңбекақылық төлем карточкасын ұйымнан жұмыстан шыққаннан кейін қолдануға бола ма?

Ұйымнан жұмыстан шыққан кейін клиент ұйыммен жасалған шарт шеңберінде шығарылған төлем карточкасын оны жаңа шарттарда қайта рәсімдеп, қолдана алады. Төлем карточкасын қайта рәсімдегеннен кейін Банктің кез келген кеңсесінде тиісті өтінішті толтыру ...

Ұйымдардың қызметтерін төлеу бойынша операцияларды жүргізуге болатын банкоматтардың мекенжайларын қалай білуге болады?

«Bank RBK» АҚ банкоматтарының тізімі Банк сайтында орналасқан. Бұл кезде кез келген банкоматта қызметтер провайдерлерінің пайдасына төлемдерді жүргізуге болады.

Сауда қызметкерлері карточка бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде жеке куәлікті талап ете ала ма?

Төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес төлем карточкасының ұстаушысы аты-жөні картаның беткі жағында, қолтаңбасының үлгісі картаның сыртқы жағында көрсетілген тұлға болып табылады. Сонымен қатар төлем карточкасын қолданумен жүзеге ас...

Неліктен сауда кәсіпорнының қызметкерлері төлем карточкасымен операцияны жүргізген кезде ПИН-кодты енгізуді талап етеді?

Сауда және сервис кәсіпорындарында төлем карточкасы бойынша операцияларды жүргізген кезде ПИН-кодты енгізу талабы алаяқтық операциялардың алдын алу мақсатында жүргізіледі. ПИН-кодты енгізуден бас тарту, дұрыс емес ПИН-кодты енгізу, чекке қол қоюда...

Егер клиент өз ПИН-кодын ұмытып қалса, не істеу қажет?

Клиент – карточка ұстаушысы ПИН-кодты үш рет дұрыс емес енгізе алады. ПИН-кодты үшінші рет дұрыс емес енгізгеннен кейін төлем карточкасы автоматты түрде оқшауланады. Карточканы оқшаудан шығару үшін Банкке бару қажет. Бұл қызмет ақылы болып т...

Шетелдік валютада қолма-қол ақша қаражатын алуға бола ма?

Шетелдік валютадағы қолма-қол ақшаны ҚР аумағынан тыс, ҚР аумағында Банк кеңселерінде және шетелдік валютада қолма-қол ақша беру қарастырылған банкоматтарда (банкоматқа шетелдік валюта жүктелген) алуға болады.