Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.

Шот ашу

7888

Теңгедегі және шетел валютасындағы ағымдағы шоттар:
Теңгедегі, АҚШ долларындағы, евродағы, ресей рубліндегі, ағылшын фунт стерлингтегі, швейцарлық франктегі, қытай юанындағы шоттарды ашу.
Заңды тұлғаларға арналған транзитті режимдегі шот:
Кейінгі уақытта заңды тұлғаның банк шоттарының транзитті режимдегі ағымдағы шот шартында көрсетілген деректемелері бойынша аудару мақсатында заңды тұлғаның қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз келіп түсетін қаражатын шоғырландыруға арналған.
Филиалдар мен заңды тұлғаларға арналған транзитті режимдегі ағымдағы шот:
Кейінгі уақытта заңды тұлғаның ағымдағы банк шоты шартына қосымша келісімде көрсетілген ағымдағы шотына аудару мақсатында мұндай шотқа қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз келіп түсетін заңды тұлға филиалдарының қаражатын шоғырландыруға арналған.
Репозит-шот:
Заңды тұлға/алушы Банкке «Репозит-шот» шартында қарастырылған мерзімде алушының қызмет көрсету шартымен айқындалған заңды тұлға алдындағы міндеттемелерді орындауын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда кейінгі уақытта оларды алушының пайдасына аудару мақсатында заңды тұлға салған жарнаны орналастыруға және уақытша сақтауға арналған.

Шот ашылғаннан кейін клиенттің қалауы бойынша қосымша қызмет ретінде «Интернет-Клиент» заңды тұлғаларға қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі бойынша қызмет көрсету шарттасу ұсынылады.

Заңды тұлғаға шот ашу үшін құжаттар тізімі
Жеке кәсіпкерге/қорғаушыға/жеке нотариуске/жеке сот орындаушыға шот ашу үшін құжаттар тізімі