Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.

    {#Бизнес Партнеры}

    7888

    Аграрлық несие корпорациясы

     
    «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
    x

    Қазақстанның Даму Банкі

     
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Холдингінің құрылымына кіреді, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) 2001 жылы инфрақұрылымды және өндірістің шикізаттық емес салаларын дамыту бойынша мемлекеттің қаржы институты ретінде құрылды.  
    Банкірі бизнесті – Қазақстан аумағындағы ауқымды инфрақұрылым және өнеркәсіп нысандарын қаржыландыру және дамытуға маманданған. 
     
    ҚДБ жобалары шағын және орта бизнестің ілеспе кәсіпорындарын құруға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, бюджетке салық аударымдарының артуына және экспорттың дамуына жәрдемдесе отырып, мультипликативтік әсерді иеленеді.
     
    15 жылдың ішінде Банкпен құны 4,9 трлн. теңге 112 жоба қаржыландырылуға мақұлданды.  ҚДБ инвестицияларының есебінен құны 1,7 трлн теңге 79 жоба пайдалануға енгізілді, құны 0,6 трлн. теңге 95 экспорт операциясы қаржыландырылды. ҚДБ-ның жобалардағы қаржылық қатысуы шамамен 20,4 мың тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.  
     
    2005 жылы ҚДБ-ның 100%-дық қатысуымен «ҚДБ-Лизинг» АҚ құрылды. «ҚДБ-Лизинг» АҚ қызметі өңдеу өнеркәсібіндегі, өндірістік және көлік инфрақұрылымындағы инвестициялық жобаларды лизингтік қаржыландыру қызметтерін көрсетуге бағытталған.
     
    Байланыстар  
     
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
    010000,  Қазақстан Республикасы, Астанақ.,
    Орынборкөш., 10 («Қазына Тауэр»ғимараты)
    Тел.: +7 (7172) 79 26 00.
    Факс: +7 (7172) 79 26 38
    Call-орталығы8 800 080 555 9
    e-mail:info@kdb.kz
    www.kdb.kz
    x

    «ДАМУ» ҚОРЫ


    «Даму» Қоры АҚ – бұл Ұлттық даму институты. 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – шағын және орта кәсіпкерлікті (ШОК) сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына  қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.                             
    Қаржылық қолдау түрлері:
    - аймақтар мен жекелеген салаларға арналған мақсатты бағдарламалар  аясында екінші деңгейлі банктер арқылы  жеңілдікпен несиелендіру;
    - субсидиялау – банктердің бизнесті дамытуға бөлетін несиелерінің сыйақы мөлшерлемесін азайту;
    - кепілдендіру – банктер алдындағы кепілзаты жетпеген жағдайда жартылай кепілдеме беру;
    - гранттық қаржыландыру.
    Қаржылық емес қолдау түрлері Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады:
    - «ШОБ топ-менеджментін оқыту», «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау», «StartUpБолашақ», «Жаңа бизнес ашуға қолдау көрсету» секілді көптеген тегін оқыту бағдарламалары мен жобалары.
    - бизнестің  бейінді бағыттары бойынша  тегін семинарлар мен шеберлік сабақтары;
    - ШОБ қолдау жөніндегі мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен бизнесті жүргізудің маңызды бағытары бойынша тегін консалтинг пен сервистік қызмет көрсету.
    Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050004
    Гоголь көшесі, 111.  Наурызбай батыр көшесінің қиылысы
    Call-центр: +7 (727) 244 55 66 (77) (көп арналы)
    Қысқа нөмір:1408  (Қазақстан бойынша ұялы және қалалық телефондардан тегін)
    Факс: +7 (727) 278 07 76
    E-mail: info@fund.kz
    www.damu.kz, www.business.gov.kz


    1. Бизнесті дамытуға несиелер бойынша субсидияны қалай алуға болады?
    2. "ДАМУ" қорының кепилдемесі не үшін қажет?
    3. Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларынның тізбесі.


     
    x

    Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

     
    Арманыңыздың  кілті!
    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ  –   еліміздегі және ТМД  елдеріндегі тұрғын үй құрылыс жүйесін іске асырушы жалғыз банк.  Банк  жарғылық капиталға мемлекеттің 100% қатысуымен,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы сәуірдегі қаулысы негізінде  құрылды.
     «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ жұмысын бастағалы бері үнемі өз қызметінің және сапасының ұсынылуын жетілдіріп келеді. Жинақ мерзімі бойынша банктің депозиттік бағдарламалары 3 жылдан 15 жылға дейін, ал тұрғын үй заемын беру мерзімі – 6 жылдан 25 жылға дейін өзгеріп отырады. Мемлекет  тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің депозиттері бойынша сыйақы беру жолымен  қаржылай қолдау көрсетіп отырғандығын атап айту қажет. Мемлекеттің жыл сайынғы   сыйақысы  ынталандырылған салымдар сомасының 20% көлемінде белгіленді (200 АЕКтен көп емес)
            2016 жылдың 01 тамызындағы жағдай бойынша,  жүйе жұмысын бастағалы бері  банкпен 2 330,0  млрд. теңге көлеміндегі 1 023 024  ТҚЖ шарты жасалып, салымшылардың жинағы 362 млрд. теңгені құрады  және  517 млрд. тенгені құрайтын  115 236  сомасында  заем берілді.
          «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сенімділік, сенім, ашықтық және клиенттері мен серіктестері арасында  өзара қарым-қатынасының жоғары сапасы қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін экономикалық  белсенді халқының кеңінен қамтылуын қамтамасыз етуге  ұмтылады.  Банктің ұйымдастырушы құрылымына Алматы қаласындағы Орталық аппарат пен 17 аймақтық филиал кіреді.
          «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ –ның жалғыз акционері   «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ болып табылады. 
    x

    «ҚазАгро» Холдингі» АҚ туралы қысқаша мәлімет


    «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 желтоқсандағы №220 «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №1247 «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» қаулысына сәйкес құрылды.
    Холдингті құрудың негізгі мақсаты – бәсекелестікке қабілетті және экспортқа бейімделген агроөнеркәсіптік кешенін құру және дамыту бойынша мемлекет саясатын жүзеге асыру.
    Холдинг қызметінің мәні – еншілес акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға түрткі болу.
    «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның барлық орналастырылған акцияларының 100% тиесілі жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады («Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті» мемлекеттік мекемесі, тіркеу нөмірі - 3960-1901-ММ, БСН – 980 240 000 950, мекенжайы: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11 үй). Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын және акционерлердің жалпы жиналысының құзыреттілігіне қатысты сұрақтар бойынша акионер ретінде мемлекет мүддесіне өкілдік ететін мемлекеттік орган болып табылады.
    x

    «Алматы» ӘКК


    «Алматы» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Алматы» ӘКК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы Қаулысына сәйкес құрылған, Алматы қ. Әділет Департаментімен сол жылдың 27 тамызында тіркелген. «Алматы» ӘКК 100% акционері «Алматы қаласының қаржы басқармасы» МКМ болып табылады.
    «Алматы» ӘКК миссиясы– мемлекеттік-жеке серіктестік арқылы Алматы қ., әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалдасу.
    «Алматы» ӘКК тапсырмалары:
    • Корпорацияны индустриалдық дамыту;
    • Активтерді тиімді басқару;
    • Өндірістің бәсекелестікке қабілеттігін арттыруға ықпалдасу;
    • Қаладағы кәсіпкерлік қызметті дамыту;
    • Мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту;
    • Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
    • Әлеуметтік, инфрақұрылымдық, экологиялық жобаларды жасақтау және іске асыру;
    • Арнайы индустриалдық аймақтарды, технопарктерді, бизнес инкубаторларды индустриалды дамыту.
    Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Алматы» ӘКК-не мем.активтер берілді (мемлекеттік қатысу үлесімен АҚ, ЖШС, жылжымайтын мүлік нысандары және ақша қаражаттары). Аталған активтер негізінде «Алматы» ӘКК жеке бизнеспен бірлесе жобаларды іске асырады.
    Сондай-ақ алға қойған мақсаттар аясында «Алматы» ӘКК жергілікті атқару органдарымен, даму институттарымен, мемлекет министрліктерімен және мекемелермен, жеке инвестициялық, қаржы құрылымдарымен, халықаралық ұйымдармен және т.б. өзара әрекет етеді.
    «Алматы» ӘКК қызметтері:
    • Ұйымдастырушылық қызмет– тапсырылған активтерді басқару, жобаларға және инвесторларға кеңес беру арқылы қолдау көрсету;
    • Инвестициялыққызмет– өз қаражаты есебінен инвестициялық қызметі, инвестиция тарту бойынша жұмыс;
    • Жеке мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырушы – «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы - 2020» Бағдарламасы және өзге бағдарламалар аясындағы аймақтық жобаларды іске асыру.
    x

    «Сәлем» Сақтандыру Компаниясы»

    «Сәлем» Сақтандыру Компаниясы»  АҚ сақтандыру нарығына келгелі 11 жылдан асты. Компания Сақтандыру төлемдерін  кепілдендіру Қорының қатысушы болып табылады. 2016 жылдың қазан айында A.M. Best халықаралық рейтингтік агенттігі  тұрақты болжамды «C++» қаржылық тұрақтылық рейтингін және  эмитенттің тұрақты болжамды «B» кредитті рейтингін тағайындады. Ал 2016 жылдың желтоқсанында «CERT INTERNATIONAL» s.r.o. сертификациялау жөніндегі Органы«Сәлем» компаниясының сақтандыру / қосалқы сақтандыру қызметтері саласындағы менеджмент жүйесі  ISO 9001:2015стандартының талаптарына сәйкес кеплетіндігін растады.
    2014 жыл нәтижелері бойынша «Сәлем» компаниясының жинаған сақтандыру сыйлықақыларының сомасы 2,9 млрд теңгені құрады (ҚР сақтандыру ұйымдарының арасындағы 24-орын). 2016 жыл нәтижелері бойынша – 13 млрд теңге және құрметті 9-орын. 2017 жылға көздеген мақсат – үздіктердің «бестігі» қатарына қосылу.
    Компанияның клиенттік қоржыны экономиканың түрлі: қаржылық, энергетикалық, өндіруші, экспедиторлық, ауыл шаруашылық және өзге  секторларында қызмет атқаратын ең ірі қазақстандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар есебінен қалыптастырылған.

    Мекенжайы: Алматы қ-сы, Масанчи к-сі, 98А (Абай д-лы қиылысында)
    Тел.: +7 (727) 356 26 26 немесе 2626 (қоңырау шалу тегiн)
    www.salempolis.kz"
    x