Ваш браузер устарел, для просмотра данного веб-сайта и во избежание некорректной работы просим обновить браузер.

Қашықтан банктік қызмет қөрсету

7888

«Интернет-Клиент» жүйесі бүгін - бұл «Интернет-Клиент» жүйесіндегі қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарын сақтаумен жасалған түбегейлі жаңа заманауи түрлендірілген Digital Bank IТ-платформаға негізделген инновациялық цифрлық банкинг болып табылады. Кез-келген браузерлердегі кез-келген платформаларда жұмыс істейді және қосымша бағдарламалық қамтылымды орнатуды қажет етпейді.
«Интернет-Клиент» жүйесіндегі қызметті пайдалану Web-қосымшалар мен мобильді қосымшалар арқылы мүмкін болады.

«Интернет-Клиент» жүйесінің негізгі басымдылықтары:
· Мобильді телефондар, планшеттер және ДК арқылы Интернетке қолжетімділік болған кезде «Интернет-Клиент» жүйеге шектеусіз қолжетімділік;
· 24/7 электрондық банктік қызметтерді пайдалану;
· Банктік өнімдерді, қызметтер мен сервистерді максималды жинау;
· Онлайн режимінде ақпараттарды жаңарту;
· Жеке хабарламаларды баптау мүмкіндігі;
· Сыртқы сервистермен оңай бірлесу;
· «Интернет-Клиент» жүйеде жұмыс істеуге ыңғайлы интерфейс.

«Интернет-Клиент» жүйесін орнату үшін Сізге қажет болады:
· «Bank RBK» АҚ заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, шаруа (фермерлік) қожалықтарына, жеке нотариустарға, адвокаттарға, жеке сот орындаушыларына, кәсіби медиаторларға банк қызметтерін көрсету шартының Жалпы шарттарымен танысу;
· Осы қызметті қосуға өтінішті толтыру.

«Интернет-Клиент» жүйесінде жұмысты бастау https://online.bankrbk.kz.

ҚБҚЖ жалпы талаптары

 

Жүйедегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік рәсімдері

 

Жүйеге қосылуға / өзгерістер енгізуге өтініш

 

Келісім